Түркияда президент сайлауында 5 пайыз дауыс алған Синан Оғлан Ердоғанды қолдауға шақырды

Екінші тур 28 мамырда өтеді


23/05/2023
10:44 17853 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Түркияда президент сайлауында бес пайыз дауыс алған кандидат Синан Оған өз жақтастарын Режеп Тайып Ердоғанды қолдауға шақырды. Бұл жөнінде Түркияның «Hurriyet» басылымы хабарлады. 

 

«Hurriyet» мәліметінше, Синан Оғлан бұндай шешімге Ердоғанмен кездескеннен кейін келген. Ол Ердоғанды Конституцияның кейбір баптарын өзгертіп, терроршыл топтармен күресіп, Сирия босқындарын елден шығарса қолдайтынын айтқан. 

 

14 мамырда Түркияда президент сайлауы өтті. Сайлаушылардың 49,5 пайызы Ердоғанға дауыс берген. Ердоғанның басты бәсекелесі, оппозицияның ортақ кандидаты Кемал Қылышдароғлы 45 пайызға жуық дауыс алған. Кандидаттардың ешбірі 50 пайыз дауыс жинай алмаған соң, 28 мамырға сайлаудың екінші туры белгіленген.

Сарапшылардың ойынша, Синан Оғанның қолдауынан кейін Ердоғанның екінші турда жеңіске жету мүмкіндігі көбейе түседі.

Поделиться

Нет комментариев.

23/05/2023 10:44
17853 0

Уведомление